Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!
Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің ресми парақшасына қош келдіңіздер!
Біздің мектеп – терең тарихы мен жарқын болашағы бар білім ордасы. Қазақ мұнайының дамуына зор үлес қосқан, елінің елеулі азаматы Нәсіпқали Марабаевтың есімімен аталған мектепте оқу – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл – білімге, еңбекке, ұлтжандылыққа негізделген дәстүрлер мекені.
Біз үшін әрбір оқушы – бірегей тұлға. Сол себепті де мектеп қабырғасында әр баланың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға, сыни ойлауын қалыптастыруға бар жағдай жасалуда. Оқушыларымыздың түрлі республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорттық сайыстарда жеткен жетістіктері – мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі деп білемін.
Біз Сіздермен әрқашан ашық диалогқа дайынбыз. Ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін маңызды. Бірге дамып, бірге өсейік!
Ізгі тілекпен,
Имангалиева Гулден Бисенбаевна
Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің директоры